ШЫМКЕНТ: емханалардағы 53 емдеу кабинетінде амбулаториялық көмек тегін көрсетіледі

0
447

Уақытылы басталған ем асқынуларды болдырмауға және ауруханаға жатудан сақтайды!


ШЫМКЕНТ: емханалардағы 53 емдеу кабинетінде амбулаториялық көмек тегін көрсетіледі
ERNUR.KZ. Күзгі-қысқы кезеңде жедел респираторлы вирустық инфекциялары (ЖРВИ), тұмау, қызылша және басқа да вирустық инфекциялардың эпидемиялық өсу маусымы басталады. Вирустық инфекциялар кез келген жастағы науқастарда әртүрлі асқыну тудыруы мүмкін. Көбінесе, науқастардың ерекше осал санаттары, яғни 3 жасқа дейінгі балалар, ауыр созылмалы аурулары бар науқастар, егде жастағы (60 жастан асқан) кісілер және иммунитет тапшылығы бар адамдар зардап шегеді.
Медицина мамандары қала тұрғындарын өз бетінше емделмей, дәрігерлерге қаралуын сұрайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде аумақтық емханалардың медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіну қажет.
Уақытылы басталған ем асқынуларды болдырмауға және ауруханаға жатудан сақтайды!
Осыған байланысты Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, ЖРВИ, тұмау, қызылша, пневмония ауруларының маусымдық өсуі кезінде медициналық көмекке қолжетімділікті күшейту мақсатында қазіргі уақытта қаланың емханаларында күн сайын, сонымен қатар, демалыс және мереке күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін сүзгілер мен емшара кабинеттері жұмыс істейтінін хабарлайды.

Айта кетейік, мегаполис емханаларының 53 емдеу кабинетінде ересектер мен балаларға амбулаториялық емдеу тегін жүргізіледі.