ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданы “Үздік аудан” номинациясын жеңіп алды

0
626

Еңбекші ауданы 2019 жылы да аталған номинацияны жеңіп алып, “Үздік аудан” атанған болатын.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданы “Үздік аудан” номинациясын жеңіп алды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы “Үздік аудан” номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігі және Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының бастамасымен 2012 жылдан бастап “Таза қала” акциясы ұйымдастырылып келеді.
Акцияның басты мақсаты, тұрғындарды қаланың және үйінің ауласын таза ұстауға біріктіру, көршілер арасындағы ұйымшылдыққа, өзі тұрып жатқан жеріне жанашырлықпен қарауға баулу болып саналады.
2021 жылы да аталған акция өз жалғасын тауып, “Үздік аула”, “Үздік көше”, “Үздік шағынаудан”, “Үздік аудан”, “Үздік шағын бизнес”, “Үздік құқық қорғаушы”, "Үлгілі коммуналдық қызметкер” номинациялары бойынша жүргізілді.
29 желтоқсан күні аталған номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар диплом және ақшалай сыйақылармен марапатталып, ынталандырылды.
Сонымен қатар, “Таза қала-2021” акциясының “Үздік аудан” номинациясы бойынша 4 аудан ішінен Еңбекші ауданы жеңімпаз атанды.
Айта кететін жайт, Еңбекші ауданы 2019 жылы да аталған номинацияны жеңіп алып, “Үздік аудан” атанған болатын.