ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 116 кәсіпкерлік нысаны жұмысын тоқтатты

0
940

«Фосфоршылар» сарайы мен «Әсел» базарының алдында апта сайын өтетін азық-түлік жәрмеңкелері де жұмысын тоқтатты.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 116 кәсіпкерлік нысаны жұмысын тоқтатты

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 116 кәсіпкерлік нысаны жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, 28 мейрамхана, 3 сауда – ойын-сауық орталығы, 36 монша кешені, 13 бильярд, 18 интернет клубы және 18 букмекерлік кеңсе жабылды.

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов брифингте мәлімдеді.

—Аудан аумағындағы Евразия, Бенефис, Әсел, Алтын Орда базарларының жұмысы тоқтатылды. Ал, Исатай, Көктем базарлары мен Айна базарының азық-түлік сататын бөлігі 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеулі режимде жұмыс істеуде. Еңбекші ауданы «Айна» базарындағы «Көктем» автобекеті өз жұмысын ағымдығы жылдың 25 наурыздан бастап тоқтатты, — деді аудан әкімі.

Ғ.Ілиясовтың айтуынша, «Фосфоршылар» сарайы мен «Әсел» базарының алдында апта сайын өтетін азық-түлік жәрмеңкелері де жұмысын тоқтатқан. Сонымен бірге, аудандағы телефон сататын 7 дүкен уақытша жабылған.