ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 500-ге жуық үй жылыту маусымына дайын

0
260

Қалған 45 үйде қысқа әзірлеу, жылыту жүйесін жуып-тазалау жұмыстары жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 500-ге жуық үй жылыту маусымына дайын

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 485 көпқабатты үй жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан аумағында орналасқан 630 көпқабатты тұрғын үйдің 530-ы орталықтандырылған жылуға қосылған. Қазіргі таңда ауданда 485 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Қалған 45 үйде қысқа әзірлеу, жылыту жүйесін жуып-тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында қызмет көрсететін «Теплокомсервис» сервистік компаниясымен 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді дайындау жұмыстарының барысы қадағалануда.
Қала әкімінің тұрғындарға жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берілген тапсырмасы негізінде Еңбекші аудан әкімдігі жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жіті бақылауда.
Жалпы Еңбекші ауданында жылыту маусымына қатысты түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.