ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

0
614

Аталған жұмыстарды мердігер “Build Stroi” ЖШС-і тұрғындардың өтінімі және кестеге сәйкес атқаруда.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында және көше бойындағы ағаш бұтақтарына санитарлық кесу, тазалау, суғару және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстарды мердігер “Build Stroi” ЖШС-і тұрғындардың өтінімі және кестеге сәйкес атқаруда.
Сонымен қатар, аудан аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен көше қиылыстарындағы жол белгілерінің көріну аумағының жасыл желектерін қырқу жұмыстары кестеге сәйкес орындалды.
Аудан тұрғындары жұмысшылардың еңбегін әрқашан бағалап, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізілетін болады.