ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында жаңа нысандар ашылады

0
1 116

«Халықтар достығы» университетінің 280 орындық жатақханасы пайдалануға беріледі.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында жаңа нысандар ашылады

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында бірқатар нысандар ашылу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ:
- Көпқабатты 14 тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, 9 мекенжайда кешенді спорт алаңшалары (футбол, тренажер, воркаут) тұрғындардың игілігіне тапсырылады;
- Академик А.Қуатбеков атындағы «Халықтар достығы» университетінің 280 орындық жатақханасы пайдалануға беріледі (өз есебінен);
- «Галилео» бастауыш мектебі мен «Мирас» шағын ауданында 600 орындық жекеменшік мектеп және (жеке кәсіпкер «Избаев») «Жалын» тұрғын алабында «Ер-Хансұлтан KIDS» бөбекжай балабақшасы ашылады;
- Оңтүстік арнайы экономикалық аймақта «Шымкент Химиялық Компаниясы» жанар май өңдеуге қажетті химиялық қоспа (Метил-трет бутил эфир) және пластикалық материалға қажетті (полипропилен) ұнтақтарды шығару зауыты іске қосылады;
Сонымен қатар, аудандағы тұрғын алабтарда «Біздің көше тұрғындары» атты мерекелік іс-шарасын өткізу жоспарлануда.