ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында жаңа жылдық шырша шамы жағылды

0
820

Мерекелік кешке аудан әкімі, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының жаңа жылдық шыршасының шамы жағылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік кешке аудан әкімі Досбол Есілбек, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі салтанатты кеште қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Сәрсенбайұлы да мерекелік лебізін білдірді.
Мерекенің сәні Аяз ата мен Ақша қар да халық ортасында болып, келушілерге қуаныш сыйлады. Балалар ән айтып, би биледі. Өнерін ортаға салған бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді.