ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданындағы 10-ға жуық елді мекенге электр желісі тартылды

0
483

​Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданындағы 10-ға жуық елді мекенге электр желісі тартылды

Өткен жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 9 елді мекенге электр желісі тартылды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол брифинг барысында мәлімдеді.

Аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші сапалы 98,3%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,5% құрады. 2022 жылы аудан аумағындағы 9 елді мекенде жалпы 2013 абонентке сапалы электр желісі тартылды.
2023 жылы Исфиджаб елді мекенін сапалы электр энергиясымен қамту бойынша мердігер мекеме анықталып, жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қарабастау елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аймағына электр желісін тарту бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленуде.
Ал, ауданда кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 2022 жыл қорытындысымен 57%-ды құраған. Алайда, жаңа шекараның белгіленуіне байланысты кәріз жүйесімен қамтылған 8 шағын аудан мен орталықтағы жеке секторлар Әл-Фараби ауданының аумағына өтті. Осыған байланысты, қазіргі таңда ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрап отыр.
Қазіргі таңда Ұлағат шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жыл қорытындысымен аяқталатын болады.
Сонымен қоса, Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталған, ағымдағы жылы меншік иелері тарапынан пәтерлерді абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Еңбекші ауданында 2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған. 2023 жылы аудан аумағындағы 6 елді мекенің жаңақұрылыстарын және Қаратау ауданынан қосылған Исфиджап тұрғын алабын ауыз сумен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізуде. Ал, «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.