ШЫМКЕНТ: Ертең бірнеше ауданда электр энергиясы өшіріледі

0
621

10:00 -ден бастап 18:00-ге дейін уақытша жарық болмайды.


ШЫМКЕНТ: Ертең бірнеше ауданда электр энергиясы өшіріледі

Шымкент қаласында 7 сәуір күні сағат 10:00 -ден бастап 18:00-ге дейін "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС тарапынан техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданында:

Айменов, Алтын сақа, Дулатов, Гагарин, Табынбаев, Қорқыт ата, Ибрагим ата, Қорғасын, Қастеев, Бүркітбаев көшелерінде (ВЛ-6кВ ТП-535,ТП-351) ВЛ-0,4 кВ бағана орнатылатын болады.
Ал, Гагарин, Ломоносов, Театральная, Водопьянова, Победа көшелерінде (ВЛ-0,4кВ ТП-593 РУ-0,4 кВ) абоненттерді СИП-ке қосу жұмыстары жүргізіледі.
Әл-Фараби ауданында:
Нұрсат шағын ауданы 53,60,97-110 үйлерінде электр энергиясы уақытша сөндірілетін болады. "Оңтүстік Жарық Транзит"ЖШС тарапынан (ТП-1 РУ-10 кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар, Нұрсат шағын ауданы уй 7-16. (ТП-7 Нұрсат РУ-10кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Одан бөлек, Түркістан көшесінде (ТП-216 РУ-0,4кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Еңбекші ауданында:
Солтүстік-шығыс шағын ауданы, Үш өзен, Тараз көшелерінде электр энергиясы сөндірілетін болады.
"Оңтүстік Жарық Транзит"ЖШС тарапынан (ГКТП-3,4 (Северо-Восток) РУ-0,4кВ және трансформаторда техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Тұран ауданы бойынша:
Тельман, Қатынкөпір мөлтек ауданында электр энергиясы өшіріледі.
"Оңтүстік Жарық Транзит"ЖШС тарапынан (КТТП-4146 РУ-10/0,4 кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Сондай-ақ, Тассай мөлтек ауданы Есалиев, Шойынбаев, Пернебек, Абдразақов көшелерінде және Солтүстік-Батыс шағын ауданы (ГКТП-2,4,12 РУ-10/0,4кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.