ШЫМКЕНТ: Есірткіні сөмкесіне салып алып жүрген азамат ұсталды

0
1 086

Жасыл түстес, хош иісті марихуанаға ұқсас шөп конверт ішіне салынған.


ШЫМКЕНТ: Есірткіні сөмкесіне салып алып жүрген азамат ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өздері бекітілген аумақта патрульдеу жүргізу барысында қала тұрғынынан марихуанаға ұқсас шөпті тәркілеп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттік полицейлер патрульдеу жүргізу барысында шамамен 20-22 жасар қала тұрғынының қол сөмкесіндегі конверт ішінен жасыл түстес, хош иісті марихуанаға ұқсас шөпті тәркілеп алып, күдіктіні Абай аудандық Полиция басқармасына жеткізген.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» ҚР ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.