ШЫМКЕНТ: Этно-мәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті

0
1 062

Командалар қол күресі, шахмат, үстел теннисі, ләңгі тебу, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.


 ШЫМКЕНТ: Этно-мәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қажымұқан атындағы орталық стадионда этно-мәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған спорттық сайысты қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Бағдагүл Байтешова ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Этнос өкілдерінің достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда көздеген іс-шараға қалалық этно-мәдени бірлестіктердің жанындағы жастар қанаттары мен оқу орындарындағы «Достық клубтарының» мүшелері қатысты. Командалар қол күресі, шахмат, үстел теннисі, ләңгі тебу, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.

Сайыс нәтижесінде бас жүлдені қалалық славян этно-мәдени бірлестігінің «Барыс» тобы жеңіп алса, І орынға өзбек этно-мәдени бірлестігінің «Достық» тобы ие болды. Ал ІІ орын шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің, ІІІ орын ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды. Тиісінше, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар табысталды.