ШЫМКЕНТ: Этнос өкілдерімен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жүргізілді

0
454

Зерттеу жұмыстарының басты мақсаты – ұлтаралық татуылықты нығайту.


ШЫМКЕНТ: Этнос өкілдерімен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында Қаратау ауданы әкімі аппараты мен ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім мамандары бірлесе отырып, этнос өкілдері көп шоғырланған тұрғын алаптарда фокус-топтық зерттеу жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Зерттеу жұмыстарының басты мақсаты – ұлтаралық татуылықты нығайту, этнос өкілдері арасындағы толеранттылық көзқарасты тұрақты қалыптастыру және кикілжіңдердің туындауына себепші болатын объективті және субъективті жағдайлардың алдын алу.
Фокустық-топтық зерттеу жұмыстары Сайрам тұрғын алабы мен Тассай шағынауданындағы №116 мектепте дөңгелек үстел типінде өткізілді.
Жиын барысында тұрғындар өздері тұрып жатқан елді мекендегі этносаралық татулықтың жай-күйі мен өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті достық қарым-қатынаста тұрып жатқандықтарын жеткізді.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел соңында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар білдіріліп, сұрақтарға жауаптар берілді.
Айта кетейік, фокус-топтық зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.