ШЫМКЕНТ: «Фан-клуб спорт би» сайысының жеңімпаздары анықталды

0
606

Команда бишілері спорттық және акробатикалық жаттығудан сайысқа түсті.


ШЫМКЕНТ: «Фан-клуб спорт би» сайысының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен үшінші жыл жалғасын тапқан «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында қаламыздың жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Фан-клуб спорт би» сайысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты — Шымкентте бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. ⁣⁣⠀⠀

Аталған жобада Шымкент қаласынан 6 000-ға жуық жас «Фан клуб» мүшесі ретінде өнер көрсетіп келеді. Бұл жоба мектептер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту, жастардың бұқаралық спортқа деген белсенділігін арттыру мақсатында өтіп жатыр. Қаладағы 151 мектеп арасында сайыс ұйымдастырылып, финалдық кезеңге 24 команда өтті. Жас спортшыларымыз тынбай еңбек етіп, әлемдік деңгейде Қазақстанды танытуда. Бүгінгі өнер көрсеткен оқушыларға айтарым, өз өнерлеріңізді шыңдап, республикалық дәрежеге жете беріңіздер. Барлығына сәттілік! - деді Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы. ⁣⁣⠀⁣⠀
Айта кетейік, команда бишілері спорттық және акробатикалық жаттығудан сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге №84 жалпы орта мектебі лайық деп танылды. Ал, І орынды – Т.Рұсқұлов атындағы №25 мектеп гимназиясы алса, ІІ орын – Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне бұйырды. ІІІ орынға О.Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектебінің өнерлі жастары қол жеткізді. ⁣

Еске сала кетейік, «Шымкент жастар лигасы» биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Мектеп оқушылары волейбол, шахмат, футбол, баскетболдан сынға түсуде. Солардың ішінде бүгін баскетболдан ширек финал басталды.

Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және ел чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылған. Былтырғы жылы жеңімпаз командаға автобус сыйға берілді. Биылғы жеңімпаздарды да үлкен жүлделер күтіп тұр, – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Мақсат Орынбаев.
Ойын нәтижесі бойынша, №55 жалпы орта білім беретін мектеп, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы, Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі және Назарбаев Зияткерлік мектептері ширек финалда бақ сынасты.