​ШЫМКЕНТ: «Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті

0
696

Жобаның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын шыңдау.


​ШЫМКЕНТ: «Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті

Жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында «Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған орта арнаулы оқу орындарының командалары қатысты.

Жобаның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын шыңдау.

Жастар ресурстық орталғының басшысы Мағжан Исахов «Фан клуб спорт биі» сайысын құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Финалға үшінші мегаполистегі орта арнаулы оқу орындарының 38 командасы арасынан үздік деп танылды. Олардың ішінен оқ бойы озық шыққан 10 команда финалға жолдама алып, төртеуі жүлделі орындардан көрінді.

Ал, орта арнаулы оқу орындары арасынан бас жүлдені САЗ музыкалық колледжінің би командасы алды. І орын – Шымкент политехникалық колледжі, ІІ орын – Тамақтандыру, индустриалды және сервис колледжіне, ал ІІІ орынды Авиценна көпсалалы колледжінің би командасына бұйырды. Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қоса, жоғары оқу орындары арасында «Фан клуб спорттық би» жарысының финалдық кезеңі де өтті.

Салтанатты шара барысында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының бөлім басшысы Талғат Сәлінұлы жанкүйерлерді құттықтап, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады.

Финалға үшінші мегаполистегі жоғары арнаулы оқу орындарының командасы арасынан үздік деп танылған 5 команда өтіп, бақ сынасты.

Финалдық кезеңде қатысушылардың киім үлгісі, музыка таңдауы, би қойылымы секілді элементтерге баса назар аударылды. Нәтижесінде жоғары оқу орындары арасында бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің би командасы жеңіп алып, велосипедке ие болды. І орынды (смартфон) – М.Әуезов атындағы ОҚУ би командасы, ІІ орынды (брендбук) – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің би командасы , ал ІІІ орынды (смарт сағат) Шымкент Университетінің би командасы иеленді.