ШЫМКЕНТ: Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

0
1 014

«Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.


ШЫМКЕНТ: Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді.

— Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қарты бар үйдің шырағы сөнбейді. Бүгінгі құрмет-қошеметтің барлығы сіздерге арналады. Өздеріңізге айтар алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Қазыналы қарияларымыздың қамсыз қарттығын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Ең бастысы саналы ұрпақ пен жақындарыңыздың қамқорлығына бөленіп, ортамызда аман жүріңіздер! — деді қала әкімі.
Бүгінде қалада 88 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 3 ұлы Отан соғысы ардагері мен 2 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Ақсақалдарға барынша қолдау көрсетіліп, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр.
Мерекелік іс-шарада елдің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты және Құрметті ардагер төс белгілерімен марапатталды.