ШЫМКЕНТ: «GraMad» сауда орталығының тағы бір нүктесі ашылды

0
803

Сауда желісіне 800 млн. теңгеге айналымға қарыз қаражат берілді.


ШЫМКЕНТ: «GraMad» сауда орталығының тағы бір нүктесі ашылды

Шымкент қаласында делдал қызметінсіз өндіруші өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынатын «GraMad» сауда орталығының тағы бір нүктесі Қазығұрт шағын ауданында ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда 40 адам жұмыспен қамтылып отыр.

«GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы. Сауда желісіне 800 млн. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.
Жаңадан ашылған сауда орталығының жұмысымен қала әкімі М.Әйтенов арнайы барып танысып, сөрелердегі азық-түлік сапасы мен бағаларын бағамдап көрді.
Көтерме-тарату орталығы макарон, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдерді өздері шығарады. Жалпы сауда орталығында 12 мыңнан аса тауар түрі тіркелген.
Тұрақтандыру қорының айналым қаражаты есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін «GraMad» сауда желісінің нүктелерін 80-ге дейін жеткізу жоспарлануда.