ШЫМКЕНТ: Гүлшара Әбдіхалықова атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұрғындармен кездесті

0
1 861

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова "Халықты жұмыспен қамту" орталығының жұмысымен танысты.


ШЫМКЕНТ: Гүлшара Әбдіхалықова  атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұрғындармен кездесті

Шымкентте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова атаулы әлеуметтік көмекке өтінім беруге жиналған қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вице премьер тұрғындармен "Халықты жұмыспен қамту" орталығында кездесті. Оосында орталықтың жұмысымен танысқан Гүлшара Наушақызы атаулы әлеуметтік көмекке өтінім беруге келген шымкенттіктердің ұсыныс-талаптарын тыңдады.

Айта кетейік, сәуір айы басталғалы Шымкенттте атаулы әлеуметтік көмекке 12 691 адам құжат тапсырған. Және де мамандар 23 822 адам атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес беріпті.