ШЫМКЕНТ: Игілік тұрғын алабы сапалы электрмен толық қамтылады

0
605

694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда.


ШЫМКЕНТ: Игілік тұрғын алабы сапалы электрмен толық қамтылады

Шымкент қаласы Игілік тұрғын алабы сапалы электрмен толық қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы Игілік тұрғыналабында 1 319 отбасы қоныстанған. Елді мекенде 2 мектеп, 3 бала бақша және бір спорт алаңшасы бар. Биыл жергілікті бюджет есебінен 2 ойын алаңшасы салу жопарланған.
2021 жылғы жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған.
Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайыз.
694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда. Трансформатор жарығын қолданып отырған 625 үйді сапалы электрмен қамту мақсатында 2021 жылы құрылыс жұмысы жүргізіліп, біткен. Қазір абоненттеу жұмысы атқарылуда.
Игілікте жалпы 43 көше бар, оның 11-і асфальт, 22 тас жол, қалғаны топырақ жолдар. 2021 жылы атауы жоқ №6 көшеге шағал тас төселген. Биыл атауы жоқ №32, 33, 34, 35 көшелер мен №1, 2, 3, 4, 5, 6 және Бабата көшесіне асфальт төсеу жоспарда бар.
Сапалы интернет үшін базалық станция орнатуға жер телімі анықталды, инвестор тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Елді мекеннің жылдамдығы жоғары интернетпен қамту жұмыстары 2022 жылдың соңына көзделген.