ШЫМКЕНТ: «Ikolik» жобасы «App Store» жүйесіне де енгізілді

0
549

Аталған қосымша осыған дейін «Play Mаркет» пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болған еді.


ШЫМКЕНТ: «Ikolik» жобасы «App Store» жүйесіне де енгізілді

Шымкенттегі «Ikolik» жобасы барлық интернет пайдаланушылар үшін қолжетімді бола түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласын дамыту, оны цифрландыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынды. Солардың бірі - «Ikolik» жобасы.
Жоба арқылы тұрғындар 567 қоғамдық көліктің (70 пайыз) қозғалыс бағытын бақылауға мүмкіндік алды. Бұл жолаушыларға уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізіп отыр. Аталған қосымша осыған дейін «Play Mаркет» пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болған болса, енді «App Store» жүйесіне де енгізілді.