Шымкент: «iKomek» орталығының 49 маманы тестілеуден өтті

0
2 356

Тестілеудің мақсаты - орталықтың мамандары мен инспекторларының білімін жетілдіру.


Шымкент: «iKomek» орталығының 49 маманы тестілеуден өтті

Ситуациялық «iKomek» орталығының 49 маманы тестілеуден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тест сұрақтарының мәтіні қала тұрғындары арасында көптеп кездесетін мәселелерге бағытталған. Мәселен, жиі қойылатын сұрақтарға қалай іс-әрекет жасау қажеттігі, әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық көлік, қала инфрақұрылымы секілді тақырыптардағы 32 сұрақ қамтылған.


Тестілеу жөнінде толығырақ мекеме басшысы Азат Әміртай айтып берді.


- Тестілеудің мақсаты - орталықтың мамандары мен инспекторларының білімін жетілдіру. Осы арқылы қызметкерлердің деңгейін анықтауға болады. Нәтижесінде төмен балл жиғандар қайта оқытудан өтеді, - деді ол.

iKomek 109 орталығымен байланыс:


1. Бірыңғай ТЕГІН «109» нөміріне хабарласу;
2. WhatsApp +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама қалдыру;
3. Instagram желісінің @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook желісінің IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу.