ШЫМКЕНТ: Ішкі саясат және дін істері басқармасына басшы тағайындалды

0
2 657

Жаңа басшы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.


ШЫМКЕНТ: Ішкі саясат және дін істері басқармасына басшы тағайындалды

Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасына басшы болып Бектаева Жанар Әлібекқызы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысы болып Жанар Бектаева тағайындалды.

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген.

2003-2006 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік универсиеті саясаттанушы мамандығы және саясаттану магистрі бойынша білім алып, 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика және бизнес» факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

• 2004-2006 жылдары Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институты «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы;

• 2006-2013 жылдары аралығында ОҚО ішкі саясат департаменті талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы;

• 2013-2014 жылдары ОҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы;

• 2015-2016 жылдар аралығында ОҚО ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары;

• 2016-2018 ОҚО Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.