ШЫМКЕНТ: Қайнарбұлақ елдімекені сапалы ауыз сумен қамтылды

0
390

Қазіргі уақытта бірнеше нысанда су құбырларын тарту жұмыстары атқарылуда.


ШЫМКЕНТ: Қайнарбұлақ елдімекені сапалы ауыз сумен қамтылды

ERNUR.KZ. Бүгінде Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Бұл аумаққа бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылып, қазіргі таңда ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталды.

Елдімекенді тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін мердігер мекеме тарапынан жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілді.

Қазіргі уақытта бірнеше нысанда су құбырларын тарту жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Құрсай елдімекенінде жалғасуда. Ал Сайрам елдімекеніндегі және Еңбекші ауданының жаңа құрылыс аумағындағы ауыз сумен қамту жұмыстары келесі жылға өтпелі.
Қалада ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98%-дан 99,5%-ға жетті. Аталған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін елдімекендер сапалы сумен толық қамтылады.