ШЫМКЕНТ: Қайрат Молдасейітов жаңа қызметке сайланды

0
2 138

​Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік Кеңесінің жаңа басшы келді.


ШЫМКЕНТ: Қайрат Молдасейітов жаңа қызметке сайланды
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағалығына Қайрат Молдасейітов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Оның кандидатурасы кәсіпкерлер Палатасында қаралып, кеңесі мүшелерінің бірауыздан тағайындау туралы шешім қабылданып, бекітілді.

Қайрат Молдасейітов – танымал отандық бизнесмен, қазіргі таңда «OtauGroup» холдингінің президенті және Венгрияның Шымкент қаласындағы құрметті консулы.

Ол өзінің кәсіпкерлік қызметі жолында өз кәсібилігімен тұтынушылардың сенімінен шыға білген азамат. Сондай-ақ Түркістан және Шымкент қалаларының әкімі болып, мемлекеттік қызметте басқарушы ретінде өзін көрсете білген.