ШЫМКЕНТ: Қайтпаста алаңшалардың құрылысына қажетті жер телімі анықталды

0
742

Бос жер телімін мемлекет теңгеріміне заңдастырылуына орай, ойын алаңшасын салу бойынша сметалық құжаттама әзірленді, енді бюджетке өтінім ұсынылмақ.


ШЫМКЕНТ: Қайтпаста алаңшалардың құрылысына қажетті жер телімі анықталды

Шымкент қаласы Қайтпас шағынауданында ойын және ашық спорт алаңшаларының құрылысына қажетті жер телімі анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаратау ауданы әкімінің аппараты мен «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрының мамандарымен бірлесіп, Қайтпас шағын ауданында балаларға арналған ойын және ашық спорт алаңшасын салу мақсатында бос жер телімдеріне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Бүгінде аталған шағынаудандағы М.Оразалиев көшесінің бойынан бір бос жер телімі анықталып, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына мемлекеттік акт алу бойынша комиссияға ұсынылды. Нәтижесінде комиссия оң қорытынды беріп, Қаулы шығару үшін нысанды орналастыру жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, аталған бос жер телімін мемлекет теңгеріміне заңдастырылуына орай, ойын алаңшасын салу бойынша сметалық құжаттама әзірленді, енді бюджетке өтінім ұсынылмақ, - дейді Қаратау аудандық әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Айнұр Қуатжанқызы.
Айта кетейік, Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл қаламызда бюджет есебінен 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса, Абай ауданында - 25, Әл-Фараби ауданында - 9, Еңбекші ауданында - 11, Қаратау ауданында - 6 спорт алаңшаның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Жалпы алғанда 51 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда қалада жалпы 346 алаңша бар. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында әр аптаның жексенбі күндері «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда.