ШЫМКЕНТ: Қайтпаста биыл 5 көше жарықтандырылады

0
672

Қайтпас шағын ауданы электр жарығымен және ауыз сумен толық қамтылған​.


ШЫМКЕНТ: Қайтпаста биыл 5 көше жарықтандырылады

Шымкент қаласы Қайтпас шағын ауданында биыл 5 көше жарықтандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында 16 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. 2 мектеп, 18 балабақша, 1 емхана, 1 медицина және учаскелік полиция бекеті жергілікті халық игілігіне қызмет етеді.
Қайтпас шағын ауданы электр жарығымен және ауыз сумен толық қамтылған.
Кәріз жүйесі бойынша осы жылға бюджеттік нақтылауға ұсынылады. Қаралған қаржыға сәйкес, құрылыс жұмыстарын биыл жүргізу жоспарға қойылған.