​ШЫМКЕНТ: Қала әкімдігінде 7 айда 8 мыңнан астам өтініш қаралды​

0
709

Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылған.


​ШЫМКЕНТ:  Қала әкімдігінде 7 айда 8 мыңнан астам өтініш қаралды​

2020 жылдың қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711 арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мізіметінше, өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып, 8491-не жазбаша түсіндірме берілді.

Оның ішінде жер қатынастары – 3986, карантин кезінде қалада жүріп тұруға рұқсат алу – 839, энергетика және коммуналдық шаруашылық – 314, баспана мәселесі бойынша – 302, әлеуметтік және жұмысқа орналастыру – 300, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 198, құрылыс саласы бойынша – 161, білім саласы – 142, денсаулық сақтау – 135, екінші деңгейдегі банктерден алған несие сомасын өтеу туралы – 78, басқа мәселелер –2 134.
Бұл дегеніміз ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысында көрініс тауып жатқанының белгісі. Сондай-ақ, әкімдіктің ресми сайтындағы «Ашық диалог», «Сұрақ-жауап» блогтарына 375 арыз-шағым түсіп, оған 100 пайыз жауап берілген.