ШЫМКЕНТ: қала әкімі қараусыз қалған нысанның мәселесімен танысты

0
230

Ғимараттың 4 қабаты мен көлікжайына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі қараусыз қалған нысанның мәселесімен танысты

ERNUR.KZ. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында қараусыз қалған «Қылмыстық-атқару жүйесі және пробация қызметі мекемелерінен босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығының» жай-күйімен танысты.

Қала басшысы мәселенің мән-жайын білген соң, бос тұрған нысанды тиімді мақсатта пайдалану үшін жауапты басшыларға ұсыныстар әзірлеуді міндеттеді.
Сонымен қатар, аралау кезінде Ғабит Әбдімәжитұлы бұрынғы Полиция департаментінің әкімшілік мекемесін қайта құру жұмыстарын бақылады.
Жобаға сәйкес, ғимараттың 4 қабаты мен көлікжайына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нысан биыл Прокуратура ғимараты ретінде пайдалануға беріледі. Жұмыс барысын пысықтаған қала басшысы жауаптыларға құрылысты сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.