ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды қабылдады

0
683

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әр аптаның жұмасы күні азаматтарды жеке қабылдайды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қала тұрғындарын қабылдап, өтініштері мен тілектерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбек ардагері Набира Жүзбаева қалада атқарылып жатқан идеологиялық жұмыстарға алғыс айта келіп, білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Қала тұрғыны Шыныкүл Асқарова қызын ҰБТ тапсырудың екінші кезеңіне жіберуді сұранады.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың бірі баласының еміне қатысты көмек сұраса, тағы бір топ ата-ана орыс сыныптарының тапшылығын айтты.
Тұрғындардың мұқият тыңдаған Шыңғыс Жұмабекұлы қабылдауға келген денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының өкілдеріне тиісті тапсырма беріп, мәселені бақылауға алатынын айтты.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізген болатын. Кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов жүргізіп, депутаттар мен басқарма басшылары қатысты.
34 елдімекеннен тұратын Абай ауданының кездесуге 15 елдімекені, атап айтқанда Жаңаталап, Қызылжар, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жайлау, Ақниет, Ынтымық, Ынтымақ-2, Тұрлан, Жаңа Тұрлан, Ақниет, Қорғасын-1,2 Жиделі тұрғын алабынан 400-ге жуық тұрғыны келді.
Қала әкімі 1-тоқсанды қорытындылап, қаланың даму көрсеткішін баяндап, елдімекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.
Жаңа жылдан бері М.Әйтенов мегаполистегі барлық 72 елдімекенді аралап, онда 374 мәселе көтерілгенін жеткізді. Әрбіріне жеке хаттамалық тапсырма жазылып, орындалуы қатаң бақылауда болды. Нәтижесінде бүгінге дейін 78 мәселе шешілді, 249-ы жыл соңына дейін шешіледі, 47 мәселе 2023-2025 жылдары шешімін табады.
Аралаудан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтті. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенділермен мақұлданып отырды.
Ашық диалог арқылы мемлекеттік орган мен халық арасындағы байланыс нығайып, қаланың өркендеуінде үш жақты жауапкершілік орнағанын айтқан М.Әйтенов алда бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Кездесу тұрғындар сауалына жауап берумен ұласты.