ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары 20-ға жуық азаматты қабылдады

0
752

Барлығына заң аясында кеңес беріліп, тиісті басқарма басшыларына өз құзіреттері шеңберінде мәселелерді шұғыл қадағалауға алулары тапсырылды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары 20-ға жуық азаматты қабылдады

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың өзекті мәселелерін бақылауға алу, заң аясында шешу, халықпен кері байланыс орнату жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы бағытта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті рет онлайн режимде тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Жеке қабылдауда бұл жолы әлеуметтік, жұмыспен қамту және баспана мәселелеріне қатысты 20-ға жуық азамат мұң-мұқтаждарын жеткізді. Барлығына заң аясында кеңес беріліп, тиісті басқарма басшыларына өз құзіреттері шеңберінде мәселелерді шұғыл қадағалауға алулары тапсырылды.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіп негізінде кезекпен беріледі. Кезекке тіркелу үшін азаматтың тиісті санаттардың бірінде және тұрғылықты мекен-жайы соңғы үш жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы тиіс. Иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт. Қазіргі таңда арендалық үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары мен жұмыс істейтін жастарға қарастырылуда. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несие бағдарламалары негізінде тұрғын үйге қол жеткізуге болады.