ШЫМКЕНТ: Қала шетінде тұратын тұрғындардың бірқатар мәселелерін шешу жолдары қарастырылды

0
1 148

Диагностикалық орталықтардың қызметіне жүгінетін науқастарды тексерістен өткізбей, шұғыл жолдама беру мәселесі көтерілді.


ШЫМКЕНТ: Қала шетінде тұратын тұрғындардың бірқатар мәселелерін шешу жолдары қарастырылды

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтіп, тұрғындардың мәселелерін шешу жолдары қарастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға қалалық кеңес мүшелері, ассамблея хатшылығының қызметкерлері, аудандық кеңестердің төрағалары мен аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері қатысып, медицина мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері қаланың шеткі аймақтарында орналасқан елді мекендер тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру, «Жедел жәрдем» стансаларының қызметін реттеу, диагностикалық орталықта ақылы және ақысыз тексерістен өтетін азаматтарға тең дәрежеде қызмет көрсетуді жүйелеу сияқты бірқатар мәселелерді шешуге байланысты салалық басқармаға бірқатар ұсыныстар жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевтыңҚазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған маңызды жайттар сөз болып, «Шымкенттің шеткі аймақтарында орналасқан елді мекендер мен шағынаудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің деңгейі мен сапасы» тақырыбында баяндама тыңдалды.