​ШЫМКЕНТ: Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

0
804

Әбілқайыр Бақытқалиұлы 1994 жылы 25 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында дүниеге келген.


​ШЫМКЕНТ: Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы лауазымына Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әбілқайыр Бақытқалиұлы 1994 жылы 25 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында дүниеге келген.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікуниверситетін және КАЗГЮУ университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - экономика және бизнес, құқықтану.
Еңбек жолын 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы қызметінен бастаған.
2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, 2018-2023 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың 13 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.