Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

0
545

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.


Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.