ШЫМКЕНТ: Қаланың білім ошақтары күзгі-қысқы мерзімдегі жылыту маусымына дайын

0
1 727

Бұл туралы Шымкентте «BILIM jane GYLYM» тақырыбында өткен тамыз конференциясында мәлім болды.


ШЫМКЕНТ: Қаланың білім ошақтары күзгі-қысқы мерзімдегі жылыту маусымына дайын

Жаңа оқу жылына және күзгі-қысқы мерзімдегі жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шараға сәйкес жүргізіліп, толығымен аяқталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева биылғы оқу жылына дайындық жұмыстарымен атқарылған жұмыстары жайында баяндама жасады.

Шымкент қаласы биылғы оқу жылында 253 мемлекеттік, 445 жекеменшік білім беру ұйымдарындағы 294 мыңнан астам білім алушылармен бастайтын болады.

2019 жылы Шымкент қаласының білім саласына 77 млрд. теңдеген астам қаржы бөлініп, былтырғы жылмен салыстырғанда 35%-ға артып отырса, биылғы жылдың қыркүйек айында 4 жаңа мектептің және 1 мектептің қосымша құрылысы аяқталатындығын атап өтті. Сондай-ақ, мекемелердің жылыту жүйелері қысымдаудан өткізіліп, мекемелерге қатты және сұйық отын толық жеткізілсе, 2019-2020 жаңа оқу жылына және күзгі-қысқы мерзімдегі жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шараға сәйкес жүргізіліп, толығымен аяқталғандығын жіткізді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде әлеуметтік жағдайы төмен 30 697 бала тіркелген. Осыған байланысты 2019 жылы жалпыға міндетті білім қорына 1 млрд. 152 млн. 170 мың теңге қаралған. Ол қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 13 841 оқушы ыстық тамақпен, 7 241 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалыспен қамтылса, 9 272 оқушыға «Мектепке жол» акциясы барысында көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева Ұлттық бірыңғай тесттерінің нәтижесіне де тоқталып өтті.

"2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 8 063 мектеп бітірушілердің 5 463-і қатысып, қала бойынша орта балл 85,3-ті құрады. Көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 балға артып отыр. Одан бөлек, 401 түлек «Алтын белгі» және 360 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектердің 45 пайызы жоғары және техникалық кәсіптік білім беру орындарында грантқа ие болды", - деді ол.