​ШЫМКЕНТ: Қаланың шеткі аудандарына жаңа аялдамалар орнатылады

0
1 031

Ескі аялдамалар да жаңартылады


​ШЫМКЕНТ: Қаланың шеткі аудандарына жаңа аялдамалар орнатылады

Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының мәліметінше, биыл Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, ТИП 22 түрі – 165 дана, ТИП 20 – 95 дана.
Атап айтқанда, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Қаратау ауданында 70, Еңбекші ауданында 50 дана жаңа аялдама орнатылады.
Ал 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елді мекендерде орнату көзделген.