​Шымкент қаласы ТЖ департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0
1 383

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған.


​Шымкент қаласы ТЖ департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып генерал-майор Қуанар Базарбаев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол бұрын Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.
Қуанар Базарбаев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі инженері"мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызметін өрт сөндірушіден бастады. Әрі қарай инспектор, өрт сөндіру кезекші қызметінің басшысы, өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы болып жұмыс істеді. 2015-2020 жылдары-Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің бастығы, 2020-2023 жылдары - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Вице-министр Бауыржан Сыздықов Қуанар Базарбаевты тағайындалуымен құттықтап, мегаполис тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстардың күшейтілгенін атап өтіп, табыс тіледі.