Шымкент қаласын басқаруда сандық IT технология қолданылады

0
1 823

​Отандық және шетелдік 150-ден астам IT-компания өкілдері Шымкент қаласын басқаруда үздік сандық технологияларды енгізуге көмектеседі.


Шымкент қаласын басқаруда сандық IT технология қолданылады

Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет цифрландыру күні өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ондағы негізгі мақсат - «ақылды» қала тұжырымдамасы негізінде Шымкент қаласының басқару мен дамыту жүйесін түбегейлі қайта құру. Осы мақсатқа жетудің алғашқы кезеңі 10 мыңнан астам азамат қатысқан жаппай сауалнама болды. Бұдан басқа, әкімдік басқармалары басшыларының сұхбаттары барысында анықталған мәселелер ескерілді. Нәтижесінде, қала басшылығы тарапынан цифрлық технологияларды енгізу арқылы шешілетін басым міндеттердің тізбесі құрылды.

Осы мақсатта «Зерде» АҚ-мен бірлесе отырып, «Shymkent Digital Day» шарасы қолға алынды. Яғни, мегаполис қаланың негізгі мәселелері талқыланып, ашық тапсырмалар тізімі ұсынылатын болады.

«Shymkent Digital Day» шарасына қатысушы 150-ден астам отандық және шетелдік ІТ-компания өкілдері осы тапсырмалар аясын зерттеп, екі апта уақыт мерзімінде оларды қазіргі заманғы цифрлық технологияларды ескере отырып шешу жолдарын дамытатын болады. Олар өз жобаларын комиссияға тапсырады, оның ең үздіктері қалалық басқару жүйесінде жүзеге асырылмақ.

Мемлекет басшысының экономикалық салаларды цифрландыру туралы тапсырмасы аясында бұл күні кәсіпкерлер үшін B2B-платформасы, соның ішінде, цифрлық технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Шараға 150-ден астам отандық және шетелдік IT-компаниялар қатысады деп күтілуде.

Алдын-ала тіркелу https://dday.kz сайтында жүргізіледі.