Шымкент қаласында 1 ай бойы «Өзіміздің полиция» акциясы өтеді

0
1 612

Департамент басшылығы 4 аудандағы тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, талап-тілектерін тыңдайды және мәселелерін қарайтын болады.


Шымкент қаласында 1 ай бойы «Өзіміздің полиция» акциясы өтеді

Шымкентте учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара байланысының тиімділігін арттыру мақсатында «Өзіміздің полиция» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.М.Жұмаханбетовтің бастамасымен 21 тамыздан 21 қыркүйекке дейін өтетін акция барысында Департамент басшылығы 4 аудандағы тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, талап-тілектерін тыңдайды және мәселелерін қарайтын болады.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларының жұмыс сапасы және қызметтік міндеттерін атқару туралы қоғамдық пікір зерделенеді. Олардың міндеттеріне: азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау, өз учаскесін аралау мен есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу, сонымен қатар құқық бұзушылықтарға жол бермеу және орын алған қылмыстарды ашу кіреді. Бұдан басқа, учаскелік полицейлердің әкімшілік учаскелерін жоспардан тыс аралау жүзеге асырылады.

Айта кетейік, учаскелік полиция инспекторларының жұмыс сапасы бойынша туындаған сұрақтарыңызбен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовке жүгіне аласыз.

Байланыс телефоны: 87006610126. (Фейсбук парақшасы https://www.facebook.com/eraly.jymahanbetov, Инстаграм парақшасы https://www.instagram.com/eralyzhumakhanbetov/).

Сенім телефоны: 21-17-44.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы қызметкерлерінің телефондары: 87751008049, 87014560916, 97-67-62, 97-60-29, 97-65-27. (Фейсбук парақшасы https://www.facebook.com/profile.php?id=100027655879383, Инстаграм парақшасы police_shymkent).

Электрондық мекенжайы: dvdg.shymkent@mail.ru.