Шымкент қаласында 1000 орындық көпсалалы аурухана салынады

0
1 266

Шымкентте денсаулық сақтау саласында оңды динамика қалыптасқан.


Шымкент қаласында 1000 орындық көпсалалы аурухана салынады

Ерлан Айтаханов денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласындағы баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерге тоқталған Шымкент әкімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салада оңды динамика қалыптасқанын айтып, осы салада жүзеге асырылатын жобаларымен бөлісті. Қала басшысының айтуынша, 2019 жылы Шымкент қаласында ана өлім-жітімі 63,6 пайызға, қатерлі ісіктерден 4,6 пайызға, туберкулез 6,6 пайызға төмендеген.

«Денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау нысандарын дамытудың 3 жылдық жоспары қабылданды. Осының аясында жедел жердем қызметінің сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен автокөлік паркіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 100 жаңа арнайы автокөліктер берілді. Ол жерде бірінғай «Колл-центр» іске қосылып, қызмет сапасы және бригаданың қысқа мерзімде жетуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 ірі жоба іске асырылды. Олардың бірі «Медикер» заманауи медициналық орталығы. Бұл, қаладағы екі мемлекеттік емханалардағы жүктемені 20-30 мың адамға жеңілдетеді. Екіншісі Қайтпас-1 шағынауданындағы 500 орындық емхана. Ол нысан келер жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жеке инвестор есебінен 1000 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы басталады», - деді Е.Айтаханов.