Шымкент қаласында қайырымдылық концерті өтеді

0
3 222

Қайырымдылық кеште ҚР эстрадасының жарық жұлдыздары Еркін Нұржан, Төреғали Төреәлі, Дастан Оразбеков, Нұрболат Абдулин өнер көрсетеді


Шымкент қаласында қайырымдылық концерті өтеді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында қайырымдылық концерті өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, сіздерді 4 тамыз күні сағат 15:00-де Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында өтетін қайырылымдық концертіне шақырамыз.

Кеш жүргізушілері Марат Оралгазин және Еркебулан Мырзабеков.

Сонымен қатар, қайырымдылық кеште ҚР эстрадасының жарық жұлдыздары Еркін Нұржан, Төреғали Төреәлі, Дастан Оразбеков, Нұрболат Абдулин өнер көрсетеді.

Билеттен түскен қаржы толықтай Айман мен Шолпанның анасына тапсырылады!