Шымкент қаласында кезекші сыныптарға шахмат сабағы енгізіледі

0
839

1-4 сыныптар аралығында оқушылардың 22% арнайы ашылған кезекші сыныпта мектепке келіп білім алса, қалған 78% оқушы онлайн оқуда.


Шымкент қаласында кезекші сыныптарға шахмат сабағы енгізіледі

Биылғы оқу жылы қаладағы 178 мектепте 224 618 оқушы білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 000 балаға артық. Оның ішінде 1-сыныпқа 24 490 бала электронды форматта қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1-4 сыныптар аралығында оқушылардың 22% арнайы ашылған кезекші сыныпта мектепке келіп білім алса, қалған 78% оқушы онлайн оқуда.

– Қаладағы барлық мектептерде «Bilim Iand - Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, олар ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуде. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылды. Бала саны 15-тен аспайды. Жалпы, бүгінде 2711 кезекші топта 18 971 бала тәрбиеленуде, – деп мәлімдеді Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Білім мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ арқылы білім ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с - 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту бойынша қосымша келісім шарттар түзілуде.

Шымкент қаласында кезекші сыныптарға шахмат сабағы еңгізіледі. Бұл бастама жөнінде пікір білдірген Жанат Арысбекқызы басты мақсат баланың зияткерлік деңгейін өсіру, ой-өрісін дамыту екенін алға тартты.