​Шымкент қаласында кезекті ауыс-түйістер орын алды

0
2 315

Шымкент қаласындағы бірқатар департамент басшыларын ҚР ІІМ-нің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов тағайындады.


​Шымкент қаласында кезекті ауыс-түйістер орын алды

ERNUR.KZ.Шымкент қаласындағы бірқатар департамент басшыларын ҚР ІІМ-нің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Шымкент қаласы ІІД бастығының лауазымына бұрын ҚР ІІМ Департамент бастығы лауазымын атқарған полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов тағайындалды.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ бұйрығымен Шымкент қаласының ТЖД-ның бастығы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.

Н.Дербісов ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген. Бұрын ОҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды.

А.Досмағамбетов РФ Свердлов заң институтын тәмамдаған. Бұрын ОҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымында қызмет еткен.