Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер жылумен толық қамтылды

0
380

23 қазандық және 17 сорғы станциясы іске қосылған.


Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер жылумен толық қамтылды

Бүгінде Шымкентте қала аумағындағы орталықтандырылған жүйеге қосылған көпқабатты тұрғын үйлер жылумен толық қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала тұрғындарын сапалы жылумен қамту мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 8,8 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары, республикалық бюджеттен 4,5 км жылу жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі кезде «3-Энергоорталық» АҚ-да №1, №2 қазандықтар жұмыс істеуде, №3 қазандық резервте, №1, №2 турбогенератор 128 МВт электр қуатын өндіруде. «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты 23 қазандық және 17 сорғы станциясы іске қосылған.
Тұрғындар үйдің ішкі жылу жүйесін реттейтін жеке сервистік мекемелермен келісімшарт жасасып, тозығы жеткен құбырларды ауыстыру және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді.