​Шымкент қаласында қорғасын зауытының ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылады

0
2 756

Майдан шебінде кәсіпорынның 114 жұмысшысы болған.


​Шымкент қаласында қорғасын зауытының ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылады

сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында қорғасын зауытының ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы Отан соғысы кезінде ұрысқа аттанған Шымкенттегі қорғасын зауытының жұмысшыларына арналған ескерткіш нобайы аяқталуға таяу.

Майдан шебінде кәсіпорынның 114 жұмысшысы болған.

Ардагерлердің есімі аса ұқыппен қашап жазылған мәрмар ескерткіш №5 орта мектебінің аумағында орналасты.