​Шымкент қаласында қоршаған ортаға 2 млрд. теңге көлемінде залал келген

0
1 444

Шымкент қаласында 53 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.


​Шымкент қаласында қоршаған ортаға 2 млрд. теңге көлемінде залал келген

Фото: oraloniri.kz.

Шымкент қаласында қоршаған ортаға 2 млрд. теңге көлемінде залал келгенТүркістан облыстық прокуратурасы қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша қызметті ұйымдастыру заңдылығына тексеру жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZТүркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында 28 заңсыз қатты-тұрмыстық қалдықтарды сақтау орындары анықталды. Шымкент қаласы бойынша заңсыз қалдықтарды сақтау орындарында 51 мың тоннадан астам қоқыстың орналастырылғандығы белгілі болды. Соның салдарынан қоршаған ортаға 2 млрд. теңге көлемінде залал келтірілді. Жергілікті атқарушы орган қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау, алып кету және орналастыруға қатысты тарифтерді бекітпеген. Одан басқа, қалдықтарды қайта өңдеу зауытының қызметіне рұқсат құжаттары болмай шыққан. Оның қызметі тоқтатылды. Барлық қатты-тұрмыстық қалдықтарды сақтау нысандарының қызметтерінде экологиялық және санитарлық талаптардың сақталмауы орын алып, бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуы анықталды.

Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде 53 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, 3 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.