​Шымкент қаласында полицейлер сейфке ұрлыққа түскен ұрыны қолға түсірді

0
1 022

Тергеу амалдары барысында қылмыскер бұдан бөлек осыған ұқсас аса ірі көлемдегі 4 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.


​Шымкент қаласында полицейлер сейфке  ұрлыққа түскен ұрыны  қолға түсірді
Шымкент қаласында полицейлер сейфке ұрлыққа түскен ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласының Полиция депаратменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қараша күні таңғы уақытта аудандық Полиция басқармасына "пәтерімнен жалпы құны шамамен 800 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдары мен ақшалай қаржы ұрланды", деген қала тұрғынының арызы келіп түскен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу амалдары барысында қылмыскер бұдан бөлек осыған ұқсас аса ірі көлемдегі 4 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.