Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында 18 мектептің құрылысын іске асырылуда

0
558

12 мектептің құрылысын 2024 жылы, 6 мектептің құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.


Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында 18 мектептің құрылысын іске асырылуда

ERNUR.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев басқармасының 2023 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы өткен баспасөз конференциясында айтты.

Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің құрылысын 2024 жылы, 6 мектептің құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.
Бұдан бөлек, 6 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде, 2 нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, 4 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 3 625 орынға арналған 11 білім нысаны мен Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығының ЖСҚ дайындалуда.
Ал №12 спорт мектебі мен №15 спорт мектебінің құрылысын аяқтау жоспарлануда .
4 мәдениет нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атап айтқанда; Өтеміс, Бозарыққақпа, Көкбұлақ, Қайнарбұлақ мәдениет үйлерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда аталған нысандарда құрылыс жұмыстары 5 пайызға орындалған.
Бүгінгі таңда Опера және балет театрының ЖСҚ-сы әзірленуде.
Конференция барысында Басқарма басшысы төтенше жағдайлар нысандарының құрылысына да тоқталды. Мәселен Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы мен Тұран ш/а 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы сондай-ақ Сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялаудан өтеді.
Сонымен қатар, Қайнарбұлақ жедел құтқару кешенінің ЖСҚ дайындалса, Шаян ауылында басқару пунктінің және «Жас ұлан» мектебін қайта құру жобасы бойынша ЖСҚ әзірленуде.
Бүгінде абаттандыру бойынша Шымсити шағын ауданындағы 20,4 га және 6,9 га саябақ және 18 га саябақ құрылысы тжүргізілуде. Бүгінде саябақ бойынша құрылыс жұмыстарының 80 пайызға орындалса, 18 га саябақ бойынша құрылыс жұмыстары 15 пайызға орындалып отыр. Ал Тұран шағын ауданындағы Этносаябақ құрылысының ЖСҚ-сы әзірленуде.
Одан бөлек, 2 ауыл шаруашылығы нысандарының құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалса, 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Оның ішінде, 3 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сондай-ақ 1 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ дайын болса, 2 денсаулық сақтау нысанының ЖСҚ-сын әзірлеу жоспарланған.
Қазіргі таңда, қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы бойынша ЖСҚ жобасы дайын.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы