Шымкент қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат бас бостандығынан айрылды

0
738

Ол сонымен қатар 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.


Шымкент қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат  бас бостандығынан айрылды

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол сонымен қатар 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Шымкент қаласы Д.Қонаев даңғылына пәтерді жалға алып, оның бір бөлмесінде заңсыз покер ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады. Яғни ол Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» заңының талаптарын өрескел бұзып, ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға арнаулы рұқсат алмаған. Сөйтіп жоғарыда аталған мекенжайда заңсыз ойын мекемесін ашып, оны ұстап, ұйымдастырып, жүргізумен айналысқан. Айғақ зат ретінде алынған 100 000 теңге ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді, покер ойынына арналған диллер тасы және 200 дана казино фишкалары жойылды.