Шымкент қаласында жағдай тұрақты

0
394

Бүгінде мегаполистегі барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.


Шымкент қаласында жағдай тұрақты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда салалық басқарма басшылары осы жылға жоспарланған әлеуметтік және тұрғын үй құрылыстары мен жол, инженерлік-инфрақұрылым салу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қала басшысы төтенше жағдай режимін сақтай отырып, жоспарланған құрылыс жұмыстарының тоқтап қалмауы үшін сала мамандарына құрылысшыларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге, барлық коммуналдық және қызмет көрсету кәсіпорындарының қалыпты режимде жұмыс істеуін қадағалауды айтты.
Бүгінде мегаполистегі барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.
Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Төтенше жағдай режимі қатаң бақылауда.