Шымкент қаласындағы қылмыстылық жағдай 11%-ға төмендеген

0
1 171

Зорлау -7%, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты -50%-ға азайды.


Шымкент қаласындағы қылмыстылық жағдай 11%-ға төмендеген

2020 жылдың І-тоқсанында Шымкент қаласындағы қылмыстылық жағдай 11%-ға төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде зорлау -7%, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты -50%, тонау -31%, қорқытып алушылық -30% пен бұзақылықтар -33% азайды.

Цифрландырудың аясында осы мерзімде 1882 электронды қылмыстық істің тіркелуін қамтамасыз етіп, жалпы тіркелген қылмыстардың 50%-н құрап отыр.

Есеп-тіркеу тәртібіне жасалған қадағалаудың нәтижесінде прокурорлар заңсыз тергеп-тексеру басталған 40 істің өндірісін 3 тәулікте тоқтатса, керісінше есепке алынбаған 40жасырылған істерді анықтады.

Мемлекетке келтірілген 2,6 млрд. теңгенің тергеп-тексеру шеңберінде 2,1 млрд.теңгенің өндірілуіне қол жеткізілді (80%).

Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінен 10 (6) адамды босатып, құқықтарын қалпына келтірді.

Осы мерзімде 45 адамға қатысты 6 үкім прокурордың апелляциялық өтінішхаттарымен заңдастырылды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында осы мерзімде 11 тексеру мен 53 талдау нәтижесінде 77 заңдылықты бұзушылық анықталып, 53 прокурорлық актілер енгізіліп, қаралған. 23 мыңға жуық тұлғаның құқықтары, оның ішінде 100 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалды.

Прокурордың актілері негізінде 220тұлға (199тәртіптік, 21әкімшілік) жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 168 млн.теңге қаражат өндірілсе, 865 млн. теңгеге мүлік қайтарылған. Прокурор бастамасымен 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, олар тергелуде.

Аэропорт жер телімімен шектесетін 283, 320 темір жол және 15 автомагистраль жолдары бойынан жерлерді заңсыз беру деректері анықталып, прокурор актісі негізінде санитарлық қорғау аймақтарын заң талаптарына сәйкестендірілуде.

Талап арызбен 33 құжат экстремисттік және террористтік деп танылды, «Кибернадзор» АЖ экстремизм мен терроризмді насихаттаған 157 сайт жабылды.

Прокурордың ұсынуын қарау нәтижесінде 22 мың оқушыға ыстық тамақ беру қамтамасыз етілді.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында құрылған мобильді топпен есептен жасырылған бұзақылық қылмысы анықталып, СДТТБТ-не (ҚК 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) тіркелді.

2 серіктестіктің тұрғын үй құрылысы үшін жеке және заңды тұлға ақшаларын заңсыз тарту деректері анықталып, олар бойынша шаралар қабылданды.

Бюджет қаржысын жоспарлану заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде бюджеттің шығыс бөлігіне тиісті қағида талаптарын бұза отырып енгізілген 8,1 млрд.теңге қаржы анықталып, енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде, қала бюджетін нақтылау барысында 507,7 млн. теңге қысқартылып, 626 млн. теңге оңтайландырылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендірілетін (қажеттілігіне қарай басқа іс-шараларға бағытталатын) болды.