Шымкент қаласындағы мекемелерде «Адалдық сағаты» өтті

0
4 915

Іс-шара барысында қатысушылардың назарына арнайы әзірленген бейнероликтер ұсынылды.


Шымкент қаласындағы мекемелерде «Адалдық сағаты» өтті

Шымкент қаласындағы барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарында, кәсіби білім беру мекемелері мен мектептерде адалдық сағаты өтті.


Сондай-ақ, аталған іс-шаралар барысында жастарға парасаттылықтың негізгі қағидалары түсіндіріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылып, жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыру мен таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.


Сонымен қатар, қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат негізінде арнайы әзірленген бейнероликтер ұсынылды.